Skip to main content
  • Байланыстар
  • Kz
  • Ru
Терафлекс®
  • Терафлекс
    • Нұсқаулық Терафлекс
  • Терафлекс Ультра
    • Қосымша-парақ Терафлекс Ультра
  • Терафлекс Адванс
    • Нұсқаулық Терафлекс Адванс
  • Терафлекс Хондрокрем Форте
    • Нұсқаулық Терафлекс Хондрокрем Форте
  • Буын ауруы
    • Буындардағы ауырсынуға арналған препараттар
    • Шынтақ ауруы
    • Остеоартроз және остеоартрит дегеніміз не?
    • Омыртқа остеохондрозы
    • Буындар мен тізелердегі қимыл шектелуімен ауырсыну
    • Аяқтың ауыруы
    • Жұмсақ тіндердің ревматикалық зақымдануы
    • Иық пен иық буынының ауыруы
Bayer логотипі — Bayer сайтына өту
  1. Home
  2. Терафлекс Ультра
  3. Қосымша-парақ Терафлекс Ультра

Қосымша парақ Терафлекс® Ультра

Терафлекс® Ультра сауда белгісінің (с.б.) тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспасы (ББҚ) 
Буындар мен омыртқаның ауырсыну сезімін азайтуға және сау құрылымын, икемділігі мен жылжымалылығын қалпына келтіруге ықпалын тигізеді. Терафлекс® жақсартылған формуласы буындар мен омыртқа тіндеріндегі нәрленудің қартаю немесе қабыну кезінде дамитын бұзылуы мен бүлінуінің барысына кешенді қарқынды түрде әсер етуі үшін арнайы жасалған. 
Терафлекс® Ультра т. з. тамаққа қосылатын ББҚ – хондроитин мен глюкозаминнің – буындардың шеміршек тінінің мен омыртқа тіндеріндегі компоненттерімен күшейтілген төмендегідей маңызды құрылымдық компоненттерінің тіркесімі.

  • II типтегі табиғи қасиет айырылмаған (натив) коллаген (Collavant™️ n2 сауда белгісі болып табылады БИОИБЕРИКА С.А.У. компаниясы лицензияланган) – иммундық деңгейде шеміршектің өз коллагені бұзылуының алдын алуға ықпал етеді және буынның шеміршек тінін табиғи жаңартуды ынталандырады;
  • гингерол – табиғи ауырсынуды басатын және қабынуға қарсы әсерге ие;
  • B тобы дәрумендері – глюкозамин мен хондроитиннің шеміршек қабынуына қарсы әсерін күшейтеді;
  • С дәрумені – ағзадағы өз коллагенін түзуге арналған.

Заттардың осы тіркесімі:

  • буындардың шеміршек тінін қарқынды түрде қалпына келтіруге,
  • буындардың тінін өз коллагенін жаңартуға,
  • буындардағы қабыну мен ауруды азайтуға ықпал етеді.

Тағам үлесін түзету үшін тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспасын – хондроитиннің, глюкозамин, В тобы дәрумендері мен С дәруменінің қосымша көзі ретінде буындардың түрлі жағдайларында, бұзылу мен бүліну өзгерістерінде және (остеоартрит) ауруларында пайдалануға болады.

Дәрілік зат болып табылмайды.

Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

№ АМ.01.07.01.003.R.000191.03.25, 10.03.2025 ж. 
ТУ 10.89.19-005-40038509-2022 өзгерістермен сәйкес ендірілген

Құрамы

Глюкозамин гидрохлориді, хондроитин натрий сульфаты; желатин капсуласы (желатин, бояғыш, титан қостотығы); зімбір түбірі сығындысы, дәруменің премиксі (II типтегі натив коллагені (Collavant™️ n2), никотинамид, тасымалдағыш, микрокристалдық целлюлоза; кальций пантотенаты, пиридоксин гидрохлориді, рибофлавин, тиамин гидрохлориді, цианокобаламин), аскорбин қышқылы, тасымалдағыш, микрокристалдық целлюлоза, нығыздауға қарсы агенттер: аморфты кремний қостотығы, магний тұзы, стеарин қышқылы (магний стеараты).

Құрамы

1КО ТР 022/2011 «Азық-түлік өнімдері олардың таңбалануы бөлігінде»
2ЕурАзЭҚ «Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптар».
*тұтынудың рұқсат етілген жоғарғы деңгейінен аспайды.

Өнімнің тағамдық құндылығы туралы ақпарат есептеу жолымен өнімдегі биологиялық белсенді заттың (ББЗ) құрамының орташа мәні бойынша анықталған. 
4 капсуланың тағамдық құндылығы: ақуызы — 0,468 г. 
4 капсуланың энергетикалық құндылығы — 1,9 ккал /8 кДж.

Компоненттер қасиеттері 

Глюкозамин мен хондроитин сульфаты дәлелденген мөлшердегі және тіркесімдегі құрамда бар, буындардағы остеоартрит ыңғайсыздығы белгілеріне, ауруға, күшпен қозғалуы және т. б. жағымды тиімділіктерді қоса және толықтыра отырып) синергизмді байқатады. 
Глюкозамин мен хондроитин сульфаты денеге түсетін жүктемелердің, жастағы өзгерістердің және остеоартрит пен остеохондроз 2 кезіндегі бұзылуы мен бүлінуі барысының әсерінен тозатын буындардың шеміршек тініндегі қалпына келтіру барысын ынталандырады. 
Глюкозамин хондроитин мен гиалурон қышқылын синтезі үшін маңызды, II типтегі коллагенді синтездеуді ширықтырады, қабынуға қарсы әсерге ие. Хондроитин сульфаты анальгетикалық және қабынуға қарсы әсерін тигізеді, шеміршекті белсенді жаңартуға ықпал етеді және стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды тұтынуды азайтады. Бірге қолданылғанда хондроитин мен глюкозамин кейбір, жеке қарағанда, буын шеміршегі компоненттерін синтездеуге, остеоартритті қалпына келтіру және әйгілеубарысына әсер ететін препараттардан гөрі тиімдірек. 
II типтегі табиғи қасиет айырылмаған (натив) коллаген (Collavant™️ n2) әсерінің бірегей тетігінің арқасында буындардағы ауруды азайтуға, қозғалу белсенділігін жақсартуға және буындар тіні қабынуының алдын алуға ықпал етеді. 
II типтегі коллаген – буындардың құрылымын түзетін олардың дәнекер тінінің негізгі ақуызы. Остеоартрит, жасқа байланысты немесе бұзылу мен бүліну өзгерістері кезінде шеміршек тінінің өз коллагені бұзылады. Коллаген бөлшектерін ағза бөтен деп таниды және қабынуды тудыратын заттарды босататын иммундық жасушаларды ширықтырады. Қабыну коллаген мен буынның шеміршек тінінің басқа құрылымдарын бұзуды күшейтеді. Осылайша ілгерілетітін және буынның шеміршегі мен барлық тіндерін бірте-бірте одан әрі бұзатын залалды айналым түзіледі. 
II типтегі табиғи қасиет айырылмаған (натив) коллаген (Collavant™️ n2) – сақталған табиғи құрылымы және әсерінің бірегей тетігі бар, бұл коллаген иммундық-қабыну жауабын басуға бағытталған. 
Натив коллаген, кәдімгі тағамдық коллагеннен ерекшелігі сол, асқазан қышқылынан ас қорыту ферменттерінің бұзуынан қорғайды, сондықтан ішекке өзгермеген түрінде жетеді, онда өз белсенділігін көрсетеді. Табиғи коллаген молекуласының бөліктері ішектегі лимфоид тінінің жасушаларымен өзара әрекеттеседі, олар арнайы сигналдық молекулаларды босатады, түптеп келгенде буынның шеміршек тіні өз коллагеніне және қабынуға патологиялық иммундық жауапты басады. Осылайша, табиғи коллаген шеміршек тінінің бұзылуын одан әрі өршуінің алдын алады және буынның жаңаруын ширықтырады. 
Гингеролы (зімбір сығындысының белсенді компоненті) стероидты емес қабынуға қарсы көптеген заттардың түзілуінің құруынан және әсерінен ауруды басу және қабынуға қарсы әсерін тигізеді. Стероидты емес қабынуға қарсы құралдардан ерекшелігі сол, гингерол ауруды табиғи және қауіпсіз түрде басатын құрал болып табылады, соған байланысты оны ұзақ курстар арқылы қолдануға болады. Эксперименттік зерттеулерде ауырсынуды басу әсері бойынша гингеролды стероидты емес қабынуға қарсы заттармен салыстыруға болатындығы, сондай-ақ асқазан шырышты қабығының қорғаныш факторларының өндірісін арттыратыны және СҚҚЗ-ның зиянды әсерін төмендететіні көрсетілген. 
С дәрумені өз коллагені синтезі мен байламдар, сіңір жәге буындар мен омыртқаның біріктіретін тінінің басқа құрылымдарының икемділігін сақтау үшін керек; шеміршек тінін жаңартуға ықпал етеді; қабынуға және тотықтануға қарсы әсері бар; буындар тіндеріндегі зат алмасу барысын қалпына келтіру үшін керек. 3 Көптеген зерттеулерде С дәруменінің жеткіліксіз тұтынылуы және шеміршек тінінің жоғалуы арасындағы байланыс анықталған. 
В тобы дәрумендері глюкозамин мен хондроитиннің шеміршекті қорғау әсерін күшейтеді. В тобы дәрумендерінің тапшылығы буындар патологиясының дамуымеи байланыстырылады.

Қолдану бойынша ұсынымдар

Ересектерге – тамақтану уақытында немесе тамақтанған соң күніне 2 рет 2 капсуладан. 
Қабылдау ұзақтығы - кемінде 2 ай. Қажет болса қабылдау ұзақтығын қайталауға болады.

Қолданылу саласы

Хондроитин сульфаты мен глюкозамин көзі, құрамында гингеролдары бар С, B1, B2, B3/РР, B5, B6, B12 дәрумендерінің қосымша көзі — халыққа тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспасы ретінде сатуға арналған.

Қарсы көрсетілімдер

Компоненттерді жекелей көтере алмау, жүктілік, емшек емізу, варфаринді және кумариндік антикоагулянттарды ішу. 
Тамакка косылатын ББҚ қолданар алдында дәрігермен кенесу ұсынылады.

Сақтау шарттары 

Балалардың қолы жетпейтін 25⁰ C-дан аспайтын температурада және қоршаған ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 65% -дан аспайтын жерде түпнұсқалық қаптамада сақтау керек.
Өткеру орындары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасында айқындалады.

Өндірушісі

«ВТФ» ЖШҚ, 601125,Ресей, Владимирская обл., Петушинский ауданы, Вольгинский кенті, Заводская к-сі, 107-құр.

Тұтынушылардың шағымдарын қабылдауға уәкілетті ұйым

«Байер КАЗ» ЖШС 
Тимирязев к-сі, 42, «Экспо-Сити» бизнес орталығы, 15 пав. 
050057 Алматы, Қазақстан Республикасы 
Тел. +7 701 715 78 46 
Факс: +7 727 244 70 01 

Шығарылу түрі: салмағы 875 мг капсулалар. 
Жарамдылық мерзімі: 2 жыл.

Терафлекс®

Терафлекс®

Остеоартрит пен омыртқа остеохондрозын емдеуге арналған өнім

 

Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық

 

 

 

САТЫП АЛУ

Терафлекс® Адванс

Терафлекс® Адванс

Ауырсынумен қатар жүретін, остеоартрит пен омыртқаның остеохондрозын емдеуге арналған өнім

 

Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық


 

 

САТЫП АЛУ

Терафлекс® Хондрокрем Форте

Терафлекс® Хондрокрем Форте

Ауырсынуды азайтуға арналған өнім, соның ішінде буын остеоартриті және омыртқа остеохондрозы

 

Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық

 

 

 

САТЫП АЛУ

Терафлекс

Егер Сіз өнімнің жанама әсері немесе сапасы бойынша шағым хабарлағыңыз келсе, денсаулық сақтау саласының маманына (мысалы, дәрігер немесе фармацевт) немесе басқарушы органға  хабарласыңыз. Сонымен қатар өтініштерді pv.centralasia@bayer.com электрондық пошта адресіне немесе +7 701 715 78 46 телефоны арқылы жіберуге болады.

© 2015—2024 «Байер ҚАЗ» ЖШС

CH-20221220-63

Тимирязев көшесі, 42, 15 павильон, 301 офис, 050057, Алматы Қ., Қазақстан Республикасы.
Телефоны: +7(727)2588040.

  • Байланыстар
  • Пайдаланушылық келісімі
  • Cookies саясаты
  • Настройки файлов cookie

 


 

ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ НҰСҚАУЛЫҚПЕН ТАНЫСЫҢЫЗ. ӨЗ БЕТІМЕН ЕМДЕЛУ ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯН БОЛУЫ МҮМКІН.