Терафлекс Хондрокрем Форте қолдану жөніндегі нұсқаулық
Терафлекс® Хондрокрем Форте дәрілік препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық
Тіркеу нөмірі:
ҚР-ДЗ-5№020295, 24.12.2018г. қолданылу мерзімі 24.12.2023ж
Саудалық атауы
Терафлекс® Хондрокрем Форте
Халықаралық патенттелмеген атауы
Мелоксикам + Хондроитин сульфаты.
Дәрілік түрі, дозасы
Сыртқа қолдануға арналған крем.
Дәрілік препарат құрамы
Белсенді заттар: хондроитин натрий сульфаты 50 мг, мелоксикам 10 мг;
Қосымша заттар: диметилсульфоксид, пропиленгликоль, макрогол цетостеарил эфирі, цетостеарил спирті [цетил спирті 60% көп емес, стеарил спирті 40% кем емес], сұйық парафин, вазелин, имидомочевина, натрий дисульфиті, су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Диметилсульфоксидтің иісі бар, жасылдау реңді ақшыл-сарыдан жасылдау реңді сары түске дейінгі крем
Фармакотерапиялық тобы
Сүйек-бұлшықет жүйесі. Буын және бұлшықет ауырулары кезінде жергілікті қолдануға арналған препараттар. Буын және бұлшықет ауырулары кезінде жергілікті қолдануға арналған басқа препараттар.
Басқалары.
АТХ коды M02AХ10
Қолданылуы:
Тірек-қимыл аппаратының дегенеративті-дистрофиялық ауруларының кешенді емі құрамында:
- Остеоартроз
- Омыртқа бағанының остеохондрозы
- Ауыру синдромымен қатар жүретін буынның өзге де аурулары.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың белсенді заттарына немесе қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық
- препарат жаққан аймақтағы тері жабындары бүтіндігінің бұзылуы;
- 12 жасқа дейінгі балалар;
- жүктілік және лактация кезеңі.
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Препаратты ашық жараларға тигізіп алмай, тек зақымданбаған теріге ғана жағу керек. Препараттың көзге және шырышты қабықтарға тиіп кетуін болдырмаған жөн.
Жүктілік және лактация
Жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Сыртқа. Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: кремнің 1-ден 5 см дейінгі жолағын жеңіл уқалай отырып, күніне 2-3 рет жағады. Препараттың қажет мөлшері ауыратын аймақтың шамасына байланысты. Препаратты жаққаннан кейін қолды мұқият жуу қажет. Емдеу курсы көрсетілімдерге және байқалатын әсеріне байланысты. Препаратты 2 апта пайдаланғаннан кейін дәрігермен кеңескен жөн.
Күніне 2-3 рет жағады.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар
сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Өте сирек:
- аса жоғары сезімталдық реакциялары (қышыну, қызару, тері бөртпесі, есекжем, Квинке ісінуі);
- жанаспалы дерматит, буллезді дерматит, пустулезді бөртулер;
- бронх түйілу реакциялары, демікпе (бейім пациенттерге мелоксикамді қоса, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді тағайындағаннан кейін);
- фотосенсибилизация реакциялары.
Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар
Сыртқа қолданғанда препарат белсенді компоненттерінің жүйелі сіңірілуі өте төмен болуына байланысты іс жүзінде артық дозалануы мүмкін емес.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Басқа да дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі немесе үйлесімсіздік жағдайлары сипатталмаған.
Арнайы сақтандырулар
Терафлекс® Хондрокрем Форте кремін басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен бірге қолданар алдында, сондай-ақ препаратты 2 аптадан артық пайдалану қажет болғанда дәрігермен кеңескен жөн.
Қосымша заттар (диметилсульфоксид, пропиленгликоль, цетостеарил, стеарил спирттері) тері тітіркенуін және/немесе жанаспалы дерматит туғызуы мүмкін.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Шығарылу түрі және қаптамасы
30 г, 50 г немесе 100 г-ден алюминий немесе ламинатты полиэтилен сықпада.
1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз.
Өндіруші туралы мәліметтер
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы:
Байер Консьюмер Кэр АГ,
Петер-Мериан Штрассе, 84, 4052 Базель, Швейцария
тел. +41 58 272 7542
факс: +41 58 272 7173
e-mail: www.basel.bayer.com
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):
«Байер ҚАЗ» ЖШС
Тимирязев к-сі, 42, «Экспо-Сити» бизнес орталығы, 15 пав.
050057 Алматы, Қазақстан Республикасы
Тел.+7 701 715 78 46
Егер Сіз өнімнің жанама әсері немесе сапасы бойынша шағым хабарлағыңыз келсе, денсаулық сақтау саласының маманына (мысалы, дәрігер немесе фармацевт) немесе басқарушы органға хабарласыңыз. Сонымен қатар өтініштерді pv.centralasia@bayer.com электрондық пошта адресіне немесе +7 701 715 78 46 телефоны арқылы жіберуге болады.
Нұсқаулықтың бұл нұсқасы 05.04.2017 бастап жарамды.
1. Не имеет аналогов по составу по данным базы ГРЛС от 27.07.2018г.
2. По данным аудита АО «ДСМ групп» (январь - июль 2019), препарат Терафлекс® содержит совокупно глюкозамин и хондроитин в самой большой дозировке при курсовом приеме среди торговых наименований, в которых глюкозамин и хондроитин являются основными действующими веществами. 187 /исх.
3. Plaper, P.G., Scheinberg, M., Ecclissato, C., Oliveira, M. & Amazonas, R. Double-blind, randomized, double-dummy clinical trial comparing the efficacy of ketorolac trometamol and naproxen foe acute low back pain. DDDT 1987 (2016) doi:10.2147/DDDT.S97756.
4. Krebs EE Effect of Opioid vs Nonopioid Medications on Pain-Related Function in Patients With Chronic Back Pain or Hip or Knee Osteoarthritis Pain: The SPACE Randomized Clinical Trial. JAMA. 2018 Marr 6;319(9):872-882