Skip to main content
  • Байланыстар
  • Kz
  • Ru
Терафлекс®
  • Терафлекс
    • Нұсқаулық Терафлекс
  • Терафлекс Ультра
    • Қосымша-парақ Терафлекс Ультра
  • Терафлекс Адванс
    • Нұсқаулық Терафлекс Адванс
  • Терафлекс Хондрокрем Форте
    • Нұсқаулық Терафлекс Хондрокрем Форте
  • Буын ауруы
    • Буындардағы ауырсынуға арналған препараттар
    • Шынтақ ауруы
    • Остеоартроз және остеоартрит дегеніміз не?
    • Омыртқа остеохондрозы
    • Буындар мен тізелердегі қимыл шектелуімен ауырсыну
    • Аяқтың ауыруы
    • Жұмсақ тіндердің ревматикалық зақымдануы
    • Иық пен иық буынының ауыруы
Bayer логотипі — Bayer сайтына өту
  1. Home
  2. Терафлекс Хондрокрем Форте
  3. Нұсқаулық Терафлекс Хондрокрем Форте

Терафлекс Хондрокрем Форте қолдану жөніндегі нұсқаулық

Терафлекс® Хондрокрем Форте дәрілік Дәрілік препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық (Қосымша парақ)

Саудалық атауы 

Терафлекс® Хондрокрем Форте 

Халықаралық патенттелмеген атауы 

жоқ 

Дәрілік түрі, дозасы 

Сыртқа қолдануға арналған крем Фармакотерапиялық тобы Сүйек-бұлшықет жүйесі. Буын және бұлшықет ауыруы кезінде жергілікті қолдануға арналған препараттар. Буын және бұлшықет ауыруы кезінде жергілікті қолдануға арналған басқа препараттар. Басқалары. 
АТХ коды M02AХ10

Қолданылуы 

Тірек-қимыл аппаратының дегенеративті-дистрофиялық ауруларының кешенді емі құрамында:

  • остеоартроз;
  • омыртқа бағанының остеохондрозы; ауыру синдромымен қатар жүретін буынның өзге аурулары.

Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі 

Қолдануға болмайтын жағдайлар 

  • препараттың белсенді затына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
  • басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға аса жоғары сезімталдық;
  • препаратты жағу аймағындағы тері жабындысының тұтастығының бұзылуы;
  • 12 жасқа дейінгі балалар;
  • жүктілік және лактация кезеңі.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Препаратты ашық жараларға тигізуге жол бермей, тек зақымданбаған теріге жағу керек. Препараттың көзге және шырышты қабыққа түсуіне жол бермеу керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесу немесе үйлесімсіздік жағдайлары сипатталмаған.

Арнайы ескертулер

Терафлекс Хондрокрем Форте кремін басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен бірге қолданар алдында, сондай-ақ препаратты 2 аптадан артық пайдалану қажеттілігі кезінде дәрігермен кеңесу керек. 
Қосымша заттар (диметилсульфоксид, пропиленгликоль, цетостеарил спирттері) тері тітіркенуін және/немесе жанаспалы дерматитті тудыруы мүмкін.
Жүктілік және лактация
Жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды 
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері 
Әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсынымдар

Дозалау режимі

Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: кремнің 1-ден 5 см дейінгі жолағын ақырын уқалай отырып, күніне 2-3 рет жағады. Препараттың қажет мөлшері ауыратын аймақтың көлеміне байланысты. Препаратты жаққанан кейін қолды мұқият жуу қажет. Емдеу курсы көрсетілімдерге және анықталған әсеріне байланысты. Препаратты 2 апта пайдаланғаннан кейін дәрігермен кеңесу керек.

Пациенттердің ерекше топтары

Препаратты бүйрек және бауыр функциясы бұзылған, асқазан-ішек жолының айқын патологиясы (өршу фазасындағы ойық жара ауруы), қан жүйесінің айқын патологиясы бар пациенттерге, сондай-ақ егде жастағы адамдарға сақтықпен қолдану керек.

Енгізу әдісі мен жолы 

Сыртқа

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Күніне 2-3 рет. 

Емдеу ұзақтығы 

Препаратты 2 апта пайдаланғаннан кейін дәрігермен кеңесу керек. 

Артық дозаланғанда қабылдануы қажет шаралар 

Сыртқа қолданған кезде препараттың белсенді компоненттерінің жүйелі сіңірілуі аса төмен болуына байланысты іс жүзінде артық дозалану мүмкін емес.

ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Өте сирек:

  • аса жоғары сезімталдық реакциялары (қышыну, қызару, тері бөртпесі, есекжем, Квинке ісінуі);
  • жанаспалы дерматит, буллезді дерматит, пустулезді бөртулер;
  • бронх түйілу реакциялары, демікпе (тез қабылдайтын пациенттерге мелоксикамды қоса, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді тағайындағаннан кейін);
  • фотосенсибилизация реакциялары.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz 

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір грамм кремнің құрамында белсенді заттар: хондроитин натрий сульфаты 50 мг, мелоксикам 10 мг; қосымша заттар: диметилсульфоксид, пропиленгликоль, макрогол цетостеарил эфирі, цетостеарил спирті [цетил спирті 60 % артық емес, стеарил спирті 40 % кем емес], сұйық парафин, вазелин, имидомочевина, натрий дисульфиті, cу.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы 

Диметилсульфоксидтің иісі бар, жасылдау реңді ақшыл-сарыдан жасылдау реңді сары түске дейінгі крем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г, 50 г немесе 100 г полипропиленнен жасалған қақпағы бар алюминий сықпаларда. 
1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

2 жыл 
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. 
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

«Нижфарм» АҚ, Ресей Федерациясы 
603105, Нижний Новгород қ., Салганская көш., 7 
тел.: (831) 278-80-88 
факс: (831) 430-72-28 
веб сайт: http://www.nizhpharm.ru 

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы 

Байер Консьюмер Кэр АГ, 
Петер-Мериан Штрассе, 84, 4052 Базель, Швейцария 
тел. +41 58 272 7542 
факс: +41 58 272 7173 
Web: www.bayer.com 

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы бойынша шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Байер КАЗ» ЖШС 
Тимирязев көшесі, 42, 15 павильон, 301 кеңсе,
050057, Алматы Қ., Қазақстан Республикасы.
Телефоны: +7 (727) 258 8040
www.bayer.ru 

Терафлекс® Ультра

Терафлекс® Ультра1

Буындар мен омыртқаның денсаулығын сақтауға арналған өнім, соның ішінде буын остеоартриті және омыртқа остеохондрозы

Қосымша-парақ

ББҚ. Дәрілік зат болып табылмайды

САТЫП АЛУ

Терафлекс®

Терафлекс®

Остеоартрит пен омыртқа остеохондрозын емдеуге арналған өнім

 

Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық

 

 

 

САТЫП АЛУ

Терафлекс® Адванс

Терафлекс® Адванс

Ауырсынумен қатар жүретін, остеоартрит пен омыртқаның остеохондрозын емдеуге арналған өнім

 

Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық


 

 

САТЫП АЛУ

Терафлекс

Егер Сіз өнімнің жанама әсері немесе сапасы бойынша шағым хабарлағыңыз келсе, денсаулық сақтау саласының маманына (мысалы, дәрігер немесе фармацевт) немесе басқарушы органға  хабарласыңыз. Сонымен қатар өтініштерді pv.centralasia@bayer.com электрондық пошта адресіне немесе +7 701 715 78 46 телефоны арқылы жіберуге болады.

© 2015—2025 «Байер ҚАЗ» ЖШС

CH-20221220-63

Тимирязев көшесі, 42, 15 павильон, 301 кеңсе, 050057, Алматы Қ., Қазақстан Республикасы.
Тел.: +7 (727) 258 8040

  • Байланыстар
  • Пайдаланушылық келісімі
  • Cookies саясаты
  • Настройки файлов cookie

 


 

ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ НҰСҚАУЛЫҚПЕН ТАНЫСЫҢЫЗ. ӨЗ БЕТІМЕН ЕМДЕЛУ ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯН БОЛУЫ МҮМКІН.